Қаржылық мониторинг агенттігі Шекара қызметімен бірлесіп, вейптерді заңсыз тасымалдау әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Жайсан-автомобиль» шекаралық өткізу пунктінде Ресей Федерациясынан келе жатқан екі жүк көлігі ұсталды.
Тексеру барысында тыйым салынған өнімдердің ірі партиясы анықталды:
13 мың электрондық тұтыну жүйесі (вейп);
2 мың дана вейпке арналған сұйықтық;
14 мың дана шылымсыз темекі өнімдері.
Аталған факті бойынша екі азаматқа қатысты сот үкімі шығарылды. Олар 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Жалпы құны 26 млн теңге құрайтын вейптер тасымалданған көлік құралдары тәркіленді.