Астана Сирия жөніндегі келіссөздерге мүдделілердің барлығы қатысқанын қалайды

Астана Сирия жөніндегі келіссөздерге мүдделілердің барлығы қатысқанын қалайды

Астана Сирия жөніндегі келіссөздерге мүдделілердің барлығы қатысқанын қалайды
ашық дереккөзі
Астана Сирия жөніндегі бейбіт келіссөздердің мамыр айындағы кезекті кездесуіне дайындалып жатыр, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.
"Біз Сириядағы жанжалды бейбіт реттеуге мүдделі тараптардың барлығын Астана процесін, сондай-ақ БҰҰ бастамасымен өтіп жатқан Женева процесін қолдауға шақырамыз", - деді Әбдірахманов журналистерге Астанадағы үкімет отырысы қарсаңында. Биыл Астанада Сириядағы жанжалды реттеу жөнінде бірнеше келіссөз өтті. Оған Ресей, Түркия және Иран делегациялары қатысты. Сириялық оппозиция өткен айдың басында Астанадағы келіссөздердің үшінші раундына бойкот жариялады. "Қазақстан Астана процесіне атысты доғаруды қалайтын мүдделі тараптардың барлығы қатысқанын қалайды. Бақылаушылар ретінде қатысушылардың көбейгені дұрыс, бірақ соңғы сөзді кепілдік беретін мемлекеттер айтады", - деді Қайрат Әбдірахманов.