Бүгін кей өңірлерде ауа температурасы +43 градусқа дейін жетеді

Бүгін, 11:04 / Алуа Арман
istockphoto.com

18 шілдеде еліміздің оңтүстік және орталық аймақтарында ауа температурасы +40°C-тан жоғары көтеріледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ең ыстық нүктелер — Қызылорда, Түркістан және Қонаев қалалары болмақ.

Синоптиктердің мәліметінше, Қызылордада ауа температурасы +43°C-қа дейін жетеді. Қонаев, Талдықорған және Түркістанда — +42°C, Шымкентте — +40°C. Алматы мен Таразда ауа +38–39°C-қа дейін ысиды, ал Ақтау, Жезқазған, Өскемен және Қарағандыда — +35–37°C болады. Астанада жаңбыр, найзағай, бұршақ және шаңды дауыл күтіледі. Күндіз ауа температурасы +32…+34°C, желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.

Ал солтүстік және батыс өңірлерде — Қостанай, Петропавл, Көкшетау қалаларында — ауа райы салыстырмалы түрде салқын болады: +25-тен +28°C-қа дейін, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай соғады. Оңтүстік және орталық аймақтардың көп бөлігінде жауын-шашын болмаса да, кей жерлерде қатты жел соғуы мүмкін. Тұрғындарға ыстықта қауіпсіздік шараларын сақтап, күн астында ұзақ болмауға және қызып кетуден сақтануға кеңес беріледі.

 

Тэгтер:

ауа райы Қазгидромет ыстық