«Жаңа максимумге жетті»: Қазақстанда доллар мен еуро қымбаттап жатыр

18 шілде, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2025 жылғы 18 шілде, жұма күніне арналған шетел валюталарының ресми бағамдарын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Реттеуші мәліметінше, АҚШ долларының бағамы – 532,74 теңге, еуро – 611,64 теңге, қытай юані – 74,2 теңге, ал ресей рублі – 6,77 теңге деңгейінде бекітілген.

Сонымен қатар, елдің ірі қалаларындағы — Алматы, Астана және Шымкенттегі айырбастау пункттері өз бағамдарын ұсынуда, олар көбіне ресми бағамдардан өзгеше.

Алматыда долларды 533 теңгеден сатып алып, 536 теңгеден сатуда, еуро 617-ден 621 теңгеге дейін, ал рубль 6,7-ден 6,8 теңгеге дейін бағалануда.

Астанада доллар бағамы 531 мен 537 теңге аралығында, еуро — 613-тен 623 теңгеге дейін, ал рубль — 6,7–6,85 теңге шегінде құбылуда. Шымкентте айырма азырақ байқалады: доллар — 532 мен 536 теңге аралығында, еуро — 612-ден 620 теңгеге дейін, ал рубль — 6,7-ден 6,78 теңгеге дейін.

Тэгтер:

Доллар Валюта Еуро