Алматылық кәсіпкер елден 2 млн доллар шығарған

Бүгін, 10:27 / Алуа Арман
istockphoto.com

Алматы облысының прокуратурасы валюталық заңнаманың бұзылуын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.  

«Т» ЖШС шетелдік компаниямен жалпы құны 6 млн АҚШ долларын құрайтын тауар жеткізуге сыртқы экономикалық шарт жасаған. 

Ақша қаражаты резидент еместің шотына аударылған, алайда тауар тек 3,7 млн АҚШ долларына жеткізілген. 

Қалған қаражат шарттық міндеттемелерді формалды түрде бүркемелеу арқылы іс жүзінде елден шығарылған.

Компания қаражатты қайтару бойынша ешқандай шаралар қабылдамаған, ал салық органдары репатриация талабын орындамау бойынша тиісті шараларды қолданбаған. 

Анықталған құқықбұзушылықтарға байланысты облыс прокуратурасы ҚР ӘҚБтК-нің 251-бабы 2-бөлігі бойынша (ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау) әкімшілік іс қозғады. 

Қонаев қаласының сотының қаулысымен «Т» ЖШС кінәлі деп танылып 239 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. 

Сот актісі заңды күшіне енді.

Тэгтер:

Доллар Валюта кәсіпкер Қонаев қаласы