Қарағандыда ер адам қаладағы жекеменшік клиникалардың бірінде дәрігерді қатыгездікпен соққыға жықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Вечерняя Караганда» таратқан мәліметке сәйкес, оқиға ер адам жұбайын ертіп келген жекеменшік клиникада болған. Бастапқыда бәрі тыныш болған, алайда кейін ол агрессиялық күйге түсіп, аяғымен кабинет есігін теуіп сындырып, медицина қызметкерін ұра бастаған. Әйел-дәрігердің саусақтары сынып, миы шайқалып, денесі көгеріп, ауруханаға жеткізілді.
«42 жастағы ер адам жұбайымен бірге клиникаға келген. Біраз уақыттан кейін ол белгісіз себеппен қызметтік бөлменің есігін бұзып кіріп, медицина қызметкеріне дене жарақатын салған. Күдікті психоневрологиялық орталыққа жеткізіліп, қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жекеменшік медициналық мекеме дәрігеріне күш қолдану фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Тергеу барысы Қарағанды облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында