Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 532,74 теңгені құрап, 6,05 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ұлттық банктің 17 шілдеге белгілеген ресми бағамы – 526,50 теңге.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 533,35 теңгені, сату бағамы – 535,58 теңгені құрап отыр. Астанадағы айырбастау пунктерінде америкалық валютаны орта есеппен 529,76 теңгеден сатып алып, 536,75 теңгеден сатып жатыр.
Айта кетейік, 16 шілде күні Қазақстандағы айырбастау пунктерінде доллар бағамы 530 теңгеге жеткен еді.