Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы полиция департаментімен бірлесіп, мамырда Өскемен тұрғынын ұрлап өлтірген күдікті топтың екі мүшесін ұстады.
Aталған адамдар 2025 жылдың маусымынан бері іздеуде болған.
Оларға қатысты 2 айға қамауға алу бұлтартпау шарасы тағайындалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сондай-ақ іздестіріліп жатқан адамдарды қасақана жасырып жүрген Алматы қаласының тұрғынын қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі де шешілуде.