Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады

Бүгін, 05:02 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Синоптиктер 17 шілдеде елорда мен еліміздің17 өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.

Астанада күндіз найзағай ойнайды. Ақмола облысының батысында және солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз батыста және солтүстікте оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық болады. Батыста, солтүстікте және оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Батыста және оңтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Батыста, оңтүстікте, шығыста солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Петропавлда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысында күн күркіреп, батыста, солтүстікте, шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстікте түнде тұман түседі. Күндіз шығыстан солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Оңтүстікте күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық болады. Оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда найзағай ойнайды.

Павлодар облысында күндіз солтүстікте найзағай ойнайды. Күндіз солтүстіктен батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық болады. Оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында күндіз солтүстікте және шығыста найзағай ойнайды. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Күндіз 35-38 градус ыстық. Солтүстікте, шығыста жоғары өрт қаупі сақталады, батыста, оңтүстікте төтенше өрт қаупі бар. Қарағандыда желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 35 градус қатты ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Күндіз 35-39 градус ыстық. Жезқазғанда күндіз 35-37 градус ыстық болады. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында түнде батыста, орталықта найзағай ойнайды, күндіз батыста, солтүстікте, орталықта найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз оңтүстікте солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Оңтүстікте күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады. Орталықта, оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады, солтүстікте, батыста, шығыста – жоғары. Ақтөбеде күндіз найзағай ойнайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында батыста, оңтүстікте найзағай ойнайды. Оңтүстікте 15-20 м/с жел соғады. Оңтүстікте күндіз 35 градус ыстық. Жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда өрт қаупі жоғары.

Атырау облысында найзағай ойнайды. Күндіз солтүстік-батыста қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, батыста, оңтүстікте екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус ыстық. Солтүстікте, шығыста, оңтүстікте төтенше, батыста, орталықта жоғары өрт қаупі бар. Атырауда күндіз найзағай ойнап, 35-37 градус ыстық болады. Желдің екпіні 15-18 м/с. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында солтүстік-батыста күндіз найзағай ойнайды. Күндіз 38-40 градус ыстық. Өте жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда төтенше өрт қаупі бар.

Жамбыл облысында оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аймақтарда солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Күндіз 38-41 градус ыстық. Батыста, оңтүстікте, шығыста төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда күндіз 39 градусқа дейін қатты ыстық болады. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында күндіз батыста, шөлейтті аймақтарда 40 градусқа дейін қатты ыстық болады. Өте жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте төтенше өрт қаупі бар. Түркістанда күндіз 40 градусқа дейін қатты ыстық болады. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында күндіз 40-43 градусқа дейін қатты ыстық болады. Өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз 40-41 градус қатты ыстық болады. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды.

Жетісу облысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Талдықорғанда 17-21 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде шығыста, орталықта найзағай ойнайды, күндіз батыста, шығыста, оңтүстікте найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, солтүстіктен соғатын желдің екпіні күндіз батыста, шығыста, оңтүстікте 15-20, кей жерлерде 23 м/с жетеді. Күндіз оңтүстікте 36 градус ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысында күндіз оңтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз шығыс, оңтүстік, орталықта 15-20, кей жерлерде 23 м/с жетеді. Күндіз 35-38 градус ыстық болады. Солтүстік-батыста, орталықта жоғары, оңтүстікте төтенше өрт қаупі бар. Семейде күндіз қатты ыстық болады.