Теміртауда екі жастағы қыз терезеден құлап кетті

16 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Теміртау қаласында екінші қабаттың терезесінен кішкентай қыз құлап кетті, деп хабарлады turkystan.kz сайты Ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 15 шілде күні болған. Қалалық ТЖ басқармасының мәліметінше, 2023 жылы туған бүлдіршін түрлі жарақаттармен дереу ауруханаға жеткізілген.

Биылғы жылдың басынан бері Қарағанды облысында балалардың көпқабатты үй терезесінен құлауына қатысты 20 жағдай тіркелген.

Осыған байланысты құтқарушылар ата-аналарға келесі қауіпсіздік шараларын ескертеді:

Тэгтер:

Теміртау