Теннисші Александр Шевченко халықаралық турнирді жеңіспен бастады

16 шілде, 2025 / Алуа Арман
olympic.kz

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Гштаад (Швейцария) қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз алғашқы айналымда швейцариялық Стэн Вавринкамен өзара мықтыны анықтады.

Матч 1 сағат 15 минутқа созылды.

Нәтижесінде, Александр Шевченко 7 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланып, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Шевченко ширек финалға шығу үшін отандасымыз Александр Бубликпен кездеседі.

Тэгтер:

Турнир теннис жеңіс Александр Шевченко