Астанада мемлекеттік балабақшаларға жолдама электрондық жүйе арқылы беріледі

Астанада мемлекеттік балабақшаларға жолдама электрондық жүйе арқылы беріледі

Астанада мемлекеттік балабақшаларға жолдама электрондық жүйе арқылы беріледі
ашық дереккөзі
«Бүгінде Астанада түрлі үлгідегі 261 мектепке дейінгі мекеме бар. Онда тәрбиеленетін балалардың жалпы саны - 48 154. Соның ішінде: мемлекеттік - 95, онда 27 193 бала қамтылған; ведомстволық  - 2, онда 383 бала қамтылған; жекеменшік - 116, онда 14 854 бала қамтылған, 95 мекемеде 8 949 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған; шағын орталықтар - 48, онда 5 724 бала қамтылған», -делінген хабарламада. 1 қаңтардағы жағдай бойынша, мектепке дейінгі мекемеден орын алу кезегінде 3-тен 6 жасқа дейінгі 33 240 бала тіркелген. Кезекке күн сайын 100-ден астам бала қойылады. Бала туу және көші-қон көрсеткіштерінің жоғарылауы есебінен мектепке дейінгі жастағы балалардың саны көбейді. Мәселен, мектепке дейінгі жастағы балалардың контингенті 2010 жылмен салыстырғанда 7 есе артқан. Астанада www.e.astana.kz порталы арқылы өтініш жолдау және кезекті қарау мүмкіндігімен қатар, жолдамаларды автоматты түрде беру жүйесі іске қосылған. Орындарды бөлуге Білім басқармасы мамандары қатыспайды. Сондай-ақ жоспарлы жинақтау жұмыстарын күтпей-ақ, босаған орындарға жылдың ішінде жолдаманы алуға болады.  Әрбір ата-ана кез келген уақытта жеке кабинет арқылы жүйеге кіре алады. Жүйе жолдаманың берілуі туралы хабарламаны автоматты түрде смс және электрондық пошта арқылы жолдайды, одан кейін ата-аналар мектепке дейінгі мекемеге ұсыну үшін жолдаманы жүктей алады.  10 сәуірден бастап Астананың барлық мемлекеттік балабақшаларына жолдамалар электрондық түрде беріледі. Егер өтініш берушілердің балалары 2015 жылы дүниеге келсе, олар үшін 10 сәуірден, тиісінше 2014 - 12 сәуірден, 2013 - 18 сәуірден, 2012 - 21 сәуірден, 2011 - 25 сәуірден бастап мемлекеттік балабақшаға жолдаманы алуға мүмкіндік бар. Әрбір туған жыл үшін мемлекеттік балабақшаларға жолдамалардың берілуін күту мерзімі Пайдаланушыларға ескертпе жолданған сәттен бастап 15 жұмыс күнін құрайды. Себебі ата-аналарда электрондық қызметтерді алуда қиындықтар туындауы ықтимал: Интернеттегі ақаулар, NCLayer бағдарламасын орнатудағы қиындықтар, электронды сандық қолтаңбаның жоқтығы, жеке кабинетте байланыс мәліметтерінің болмауы және т.б. Стандартқа сәйкес ата-ана қолына алған жолдаманы берілген күннен бастап 5 күн ішінде мектепке дейінгі ұйымға ұсынуы тиіс.  Биыл елорданың мемлекеттік балабақшаларында 6310 орын босайды. Оның барлығы қатаң түрде тек кезекке сәйкес бөлінеді: 1240-cі 2015 жылы туған балаларға, 2233-сі 2014 жылғы, 1340-ы 2013 жылғы, 1111-і 2012 жылғы, 386-ы 2011 жылғы балаларға қарастырылған.