Қостанай облысында 2 адам үйден өлі табылды

16 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Қостанай облысында екі бірдей адам өлімі болды. Алдын ала мәлімет бойынша қылмысқа отбасылық жанжал себеп болған, деп хабарлады turkystan.kz сайты Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, кеше, 15 шілдеде Қарабалық ауылындағы үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар екі адамның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, қылмыс отбасылық жанжал кезінде жасалған.

Бұл факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыс жасады деген күдікті – 45 жастағы Қарабалық ауылының тұрғыны анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалып, оқиғаның себептері мен барлық мән-жайы анықталуда.

Тэгтер:

Қостанай облысы мәйіт