Алматы әуежайында әйелді кепілге алған адам 11 жылға сотталды

16 шілде, 2025 / Алуа Арман
Ғаламтор

Биылғы наурыз айында Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алған Машрапбек Баратовқа үкім шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Сот ұсынылған барлық дәлелдерді қарап, айыпталушының шын жүректен өкінгенін ескере отырып, сондай-ақ оның әрекетінің қауіптілігін назарға алып, Машрапбек Баратовты кінәлі деп таныды және оған түпкілікті 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – деп үкімді оқыды судья Анар Қарашева.

Судья кеңесу бөлмесінде басқа жаза шаралары да қаралғанын атап өтті, алайда Машрапбек Баратовтың әрекеттері көптеген адамдардың, соның ішінде балалардың өміріне қауіп төндірген. Сондай-ақ Анар Қарашева жәбірленушінің психологиялық жағдайына тоқталып, оқиға өткеніне қарамастан оның әлі де күйзеліске ұшырап жүргенін және сотта көзіне жас алып сөз сөйлегенін айтты.

Тэгтер:

Әуежай кепілге алу