Айгүл Иманбаева күйеуінің мәҺрге не бергенін көрсетті

16 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
instagram

Әнші Айгүл Иманбаеваға күйеуі мәһрге көлік сыйлады. Айдана Байтұрсын есімді желі қолданушысы әншіге берілген сыйлықты көрсетті.

«Жездем Айгүл Иманбаеваға жаңа көлік сыйлады. Әлі нөмірін де алмаған», – деп жазды ол.

Одан кейін әнші сыйлық туралы пікір білдірді.

«Мәһрге сұрағаным Lamborghini көлігі еді. Соны алып беруге уәде еткен. Әзірге Tesla-ны міне тұрамын. Ол жұмысқа өзінің көлігімен барады. Менің енді өз көлігім бар», – деп ағынан жарылды әнші.

Тэгтер:

әнші көлік Айгүл Иманбаева Мәһр Америка