Қарағандыда ірі көлемде алаяқтық жасаған әйел ұсталды

16 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Қарағанды облысында өзін банк қызметкері ретінде таныстырған әйел 200 миллион теңгеге жуық қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлады turkystan.kz.

Қарағанды облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы 31 жастағы әйелге қатысты аса ірі көлемдегі алаяқтық фактілері бойынша тергеуді аяқтап жатыр. Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті бір жарым жыл бойы өзін Ұлттық банктің қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға несиелерін мерзімінен бұрын жабуға көмектесемін деп уәде берген. Алайда бұл уәделердің астарында алаяқтық схема тұрғаны анықталды.

Әйел адам тұрғындардың сеніміне кіріп, жалған қызмет ұсыну арқылы олардың атынан екінші деңгейлі банктерден бірнеше несие рәсімдеген. Нәтижесінде 98 эпизод бойынша алаяқтық дерегі тіркеліп, келтірілген жалпы шығын көлемі 200 миллион теңгеден асып кеткен.

Жедел-тергеу тобының үйлесімді жұмысы нәтижесінде бұлтартпас айғақтар жиналып, қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа жолдануға дайындалуда. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үй қамақ түрі таңдалған.

Полиция азаматтарға келесідей ескертулерді ұсынады:

Тәртіп сақшылары алаяқтықтың алдын алу азаматтардың өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы мен құқық қорғау органдарымен бірлесіп әрекет етуіне тікелей байланысты екенін ескертеді.

Тэгтер:

Қарағанды алаяқтық банк қызметкері