Қазақстандық оқушылар Барселонадағы байқауда 13 медаль жеңіп алды

16 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
Астана қаласының әкімдігі

Барселона қаласында өткен International STEM Olympiad байқауының финалында қазақстандық оқушылар тарихи жетістікке қол жеткізді. Алғаш рет еліміздің сегіз оқушысы беделді халықаралық байқаудың гранд-финалына өтіп, түрлі аталымдар бойынша жүлделі орындарды иеленді, деп хабарлады

STEM бағытындағы бұл олимпиадаға әлемнің 35 елінен, оның ішінде АҚШ, Сауд Арабиясы, Түркия, Ұлыбритания, Швейцария және басқа да мемлекеттерден 800-ден астам оқушы қатысты. Байқау бес бағыт бойынша ұйымдастырылды: кодтау, математика, жаратылыстану және технология, жасанды интеллект (AI Challenge) және көркем-жарнамалық фильм.

Қазақстан атынан Астана, Алматы және Павлодар қалаларынан қатысқан оқушылар келесі нәтижелерге қол жеткізді:

Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 2 алтын, 6 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.

Бұл қатысушылар былтыр Астанада өткен іріктеу кезеңінде анықталған болатын. 2024 жылы еліміздің астанасында өткен халықаралық STEM олимпиадасына Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдерінен 78 команда құрамында 200-ден астам оқушы қатысты. Олимпиада Астана қаласы әкімдігінің, «Astana Innovations» АҚ-ның қолдауымен өтті.

Ұйымдастырушылар қатарында «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Астана қаласының Білім басқармасы және «STEM Academia» ЖШС болды. Іріктеу нәтижесі бойынша Павлодар, Астана және Алматы қалаларынан 8 үздік оқушы таңдалып, Барселонада Қазақстан атынан алғаш рет финалға қатысты.

«Тоғыз жыл бұрын біз алғаш ұйымдастырған олимпиадаға небәрі 20 оқушы қатысқан еді. Бүгінде қатысуға 2000-нан астам өтінім түседі. STEM олимпиадасын біз жергілікті әкімдіктермен, Astana Innovations және «Астана дарыны» орталығымен бірлесе өткіземіз. Қуантарлығы – бұл бастама нақты нәтиже беріп жатыр: Қазақстанда ғылым мен технологияға ынталы жаңа буын өсіп келеді. Олардың бүгінгі нәтижесі – соның айғағы. Біз олимпиада жеңімпаздарының Барселонада өз білімін лайықты деңгейде көрсеткеніне мақтанамыз», – деді STEM Academia директоры Залқарбек Мұраталиұлы.

«STEM Academia ұйымымен бірлесіп, біз дарынды оқушыларды анықтап, жан-жақты қолдау көрсетіп келеміз. Жасанды интеллект пен STEM бағыттарында түрлі байқаулар тұрақты түрде өткізіліп жатыр. Қазақстандық оқушылардың алғаш рет Барселонада өткен олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарға ие болуы – еліміздің білім беру жүйесі үшін үлкен жетістік», – деді«Астана дарыны» орталығының басшысы Жанар Бейсенбаева.

 

Тэгтер:

Медаль оқушылар Байқау Барселона жарыс International STEM Olympiad