Чемпиондар лигасы: «Қайрат» келесі кезеңге өтті

15 шілде, 2025 / Өтей Торғайұлы
ФОТО: Sports24.kz

15 шілде күні Алматыда УЕФА Чемпиондар лигасының бастапқы іріктеу кезеңінің қарымта матчы өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Онда «Қайрат» Словенияның өкілі – Любляна қаласынан келген «Олимпия» командасымен кездесті.

Кездесу нәтижесінде «Қайрат» есепті еселеп, жеңіске жетті.

«Олимпияны» жеңген соң, «Қайрат» екінші іріктеу кезеңінде Финляндияның КуПС және Молдованың «Милсами» жұбының жеңімпазын күтетін болады.

Тэгтер:

Футбол Қайрат клубы