«Уланған болуы мүмкін»: Қарағанды облысында қой жаппай қырылды

15 шілде, 2025 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Қарағанды облысының Шахтинск қаласына жақын орналасқан Долинка ауылында малдың жаппай қырылуы тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тұрғындардың айтуынша, 15 шілдеге қараған түні 100-ден астам бас мал өлген. Ауыл тұрғындары қой мен қошқарлардың қырылуын уланумен байланыстырады.

Өңірдің ветеринария басқармасы да осы нұсқаны қарастырып жатыр. Шенеуніктердің айтуынша, мал әрдайым жайылатын жайылымда жүрген.

«Жануарлар бір су көзінен су ішкен. Қазір кешенді зертханалық сараптамалар жүргізіліп жатыр, нақты себеп зерттеу нәтижесінде анықталады», – деді мемлекеттік орган.

Облыс әкімдігіне қарасты бейінді бөлім эпизоотиялық жағдайдың тұрақты және бақылауда екенін атап өтті.

«Қауіпті жұқпалы аурулар тіркелген жоқ. Мамандар жағдайдың себебін анықтап, мұндай оқиғалардың алдын алу жұмыстарын жалғастырады», – деп түйіндеді басқарма.

Тэгтер:

қой Мал қырылу жануар