Мүфтият Ақтөбе облысында 12 балалы отбасыға баспана сыйлады

15 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
muftyat.kz

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасымен, Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің қолдауымен «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шалқар ауданында 12 балалы отбасыға баспана берілді.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында табысталған бұл — республика бойынша 845-ші баспана. Пәтер кілті Шалқар қаласының тұрғыны, 12 баланың әкесі Азамат Хадимжанның отбасына табысталды.

Игі жобаның мақсаты — әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды қолдау, қайырымдылық мәдениетін дамыту және қоғамды ортақ ізгілікке жұмылдыру.

Шарада Ақтөбе облыстық орталық «Нұрғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов ҚМДБ атынан құттықтау сөз сөйлеп, қолдау білдірген жомарт жандар мен кәсіпкерлерге, мешіт қызметкерлеріне алғыс айтты.

Сонымен қатар, игі іске үлес қосқан азаматтардың бірі Серғазы Төреғалиұлына Бас имам Амантай Садиевтің алғыс хаты мен «Дін жанашыры» естелік статуэткасы табысталды.

Баспана иелері — 39 жастағы күзетші Азамат Хадимжан мен 34 жастағы жары Айым Сүйеуқұлова 18 жылдан бері бала тәрбиесіне мән бе

Тэгтер:

Отбасы Баспана Ақтөбе облысы үй Мүфтият ҚМДБ 12 бала