Алматыдағы «ADD Ustel Tennis Ortalygy» спорт кешенінде 2026 жылғы командалық әлем чемпионатына Орталық Азия аймақтық іріктеу турнирі өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ерлер және әйелдер командасы бір ғана жолдаманы сарапқа салды. Бұл жолдаманы Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан құрамалары өзара бөлісті.
Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев және Айдос Кенжіғұлов қарсыластарын 3:0 есебімен сенімді түрде ұтып, бірінші орынды иеленіп, әлем чемпионатына жолдама алды.
Ал әйелдер арасындағы сайыста Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова және Әнел Бақыт алдымен Қырғызстанның теннисшілерінен басым түсіп, кейін Өзбекстан құрамасымен кездесті. Отандастарымыз тартысқа толы кездесуде 3:2 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, командалық әлем чемпионаты 2026 жылғы мамырда Лондонда өтеді.