Ақмола облысында 30 млн теңге ұрлаған бухгалтер сотталды

Бүгін, 12:13 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жарқайың ауданының прокуратурасы «Аудандық мәдениет үйі» МКҚК-ның қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізген тексеру барысында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісін  анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

2025 жылғы 13 маусымда Жарқайың аудандық сотының үкімімен кәсіпорнының бұрынғы бухгалтері аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлағаны үшін 6 жыл бас бостандығынан айрылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Сондай-ақ ол 7 мерзімге мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда материалдық жауапкершілігі бар лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Сот тергеуі кезінде сотталушы өз қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ұзақ уақыт бойы мекеменің ақшалай қаражатын жүйелі түрде жымқырғаны белгілі болды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 30 млн теңгеден асты.

Сот мекеменің азаматтық талабын да қарап, келтірілген шығынды толық өтеу жөнінде шешім шығарды.

Тэгтер:

Сот бухгалтер үкім Есепші ақша ұрлау