Қостанай облысында жанып жатқан үйден ер адам құтқарылды

Бүгін, 10:35 / Алуа Арман
polisia.kz

Қостанай облысында полиция қызметкерлері ер адамды жанып жатқан ғимараттан алып шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

13 шілде күні түнгі сағат 03:09 шамасында Алтынсарин ауданы, Щербаков кентінде болған. Бос тұрған ғимараттың шатырынан өрт шыққан.

Оқиға орнына дереу өрт сөндіру тобы аттанған. Арада біраз уақыт өткенде учаскелік полиция инспекторлары Дулат Нұрумов пен Амантай Кенжебаев барған. Тексеру барысында олар қою түтіннің ішінде ұйықтап жатқан ер адамды байқап қалады. Уақыт жоғалтпай, оны қауіпті аймақтан шығарып, өмірін сақтап қалды.

Полиция қызметкерлерінің жанқиярлығы мен өрт сөндірушілердің жедел әрекеттері арқасында қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды. Ер адам ешқандай жарақат алмады және дәрігерлерге тексерілу үшін тапсырылды.

Тэгтер:

Қостанай облысы Полиция өрт