Асқар Ізбасов Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Бүгін, 09:47 / Інжу Әлихан
gov.kz

Асқар Ізбасов ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Ғадылшаұлы Ізбасов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Басқа бұйрықпен Руслан Құныров бұл қызметтен босатылды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Зарлықұлы Қоңыров Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Тэгтер:

қолбасшы әуе қорғанысы Қарулы Күштері Асқар Ізбасов Әскери-әуе күштері