«Ақботамен қайта қосылайын деп жатыр»: Дәурен Айдарқұлов жұртты ойландырып қойды

Бүгін, 07:08 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Актер Дәурен Айдарқұлов әлеуметтік желіге жариялаған ерекше видеосымен көпшілікті ойландырып қойды, деп хабарлайды turkystan.kz Anyqtime.kz-ке сілтеме жасап.

Желіге жүктелген видеода Дәурен аты аңызға айналған Роберт Де Ниромен «әңгімелесіп» отыр. Бұл – әрине, монтаж. Алайда, актердің сөзі жұртты елең еткізбей қоймады:
«Есіңде ме, 2016 жылы Ақботаға үйленгенімде бүкіл ел шулап еді ғой? Осы күзде тағы сондай "у-шуды" қайталағым келіп отыр», – дейді ол бейнероликте.

Көпшілік Дәуреннің бұл әрекетіне түрлі жорамал айтуда. Бірі: «Ақбота-Нұрмен қайта қосылмақшы», – десе, енді бірі: «Тағы бір шоу басталғалы жатыр», – деп пікір қалдырған.

Дегенмен нақты не айтқысы келгені белгісіз. Видеодағы ишараның астарында шындық жатса, актер күзде жеке өміріне қатысты маңызды жаңалық жариялауы мүмкін.

Еске сала кетейік, Дәурен Айдарқұлов пен әнші Ақбота-Нұр Айдарқұлова 2016 жылы отау құрып, кейін ажырасып кеткен еді. Содан бері екеуінің қарым-қатынасы қоғам назарынан түскен емес.