Дубай басшылығы туристерді жағажайда жабық киіммен жүруге міндеттемек
Дубай басшылығы туристерді жағажайда жабық киіммен жүруге міндеттемек
Дубайлық муниципалитет әмірліктің аумағындағы жағажайда демалушылар үшін бұзуға болмайтын 7 ереже шығарды деп хабарлайды egemen.kz.
«Жағажайда бұрынғыша от жағып, рұқсат етілмеген сауда-саттықпен айналысуға, адамдарды суретке түсіруге болмайды. Сондай-ақ, Дубай билігі барлық шомылушыларға жеке заттарына абай болып, қараусыз қалдырмауды ескертеді.
Тағы бір ереже: жағажайда тек жергілікті дәстүрге сай киіммен жүру керек. Киім үлгісі нақтыланбаған», - деп жазды Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Жағажайдан тыс жерлерде шомылу киімімен жүруге тыйым салынған. Сонымен қатар, жағайжайда түнде қалуға болмайды - бұл түнде жұлдыз тамашалауды жақсы көретіндерге арналған ереже. Ережені бұзғандарға қолданылатын жаза туралы хабарланбаған. Бірақ, оның пайымдауынша, ережені бұзғандарды айыппұл немесе қылмыстық жауапкершілікке тартуы мүмкін.