Астанада жолаушылар автобусы өртеніп кетті

14 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
скриншот

Астанада жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бүгін Байқоңыр ауданында А.Бараев көшесі бойында маршруттық автобус шатырының жануы орын алды. Өрт туралы хабарламаны қабылдау және өңдеу, өрт орнына шығу, өртті барлау, күштер мен құралдардың қанатын жаю, сондай-ақ жануды сөндіруге ТЖМ-нің кәсіпқой командасына небәрі 9 минут қажет болды, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

ТЖМ өрт туындаған жағдайда дереу 112 нөміріне қоңырау шалу қажет екенін еске салады!

Тэгтер:

Астана Автобус өрт