Антикордың бұрынғы қызметкері Олеся Кексельге қатысты тергеу жүріп жатыр

14 шілде, 2025 / Алуа Арман
Ғаламтор

Қазақстан Бас прокуратурасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Олеся Кексельге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, 4 шілдеде Кексель ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабының 2-бөлігінің 1) және 2) тармақтары бойынша “Лауазымды адамның күш қолдану немесе қорқыту арқылы жасаған азаптауы” бабы бойынша күдікті деп танылған.

Тэгтер:

антикор қылмыстық іс азаптау Бас прокуратура тергеу Олеся Кексель