Биткоин бағасы алғаш рет 120 мың доллардан асты

Бүгін, 14:55 / Алуа Арман
istockphoto.com

Биткоин бағасы 14 шілдеге қараған түні алғаш рет 120 мың доллардан асты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астана уақытымен 10:30-да алғашқы криптовалюта бағасы 122 мың доллардан асты.

Биткоиннің өсімі бірнеше күн қатарынан жалғасуда. Reuters агенттігінің хабарлауынша, институционалдық инвесторлардың белсенді қызығушылығы қазіргі раллидің негізгі қозғаушы күштерінің бірі болған.

2025 жылдың басынан бері биткоиннің бағасы шамамен 25%-ға өсті. Алдыңғы рекорд – 110 мың доллар – 22 мамырда тіркелген болатын.

Тэгтер:

қаржы нарық криптовалюта биткоин