Алматыдан 230 шақырым жерде жер сілкінді

14 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы жер сілкінісі туралы хабарлама таратты, деп хабарлады turkystan.kz.

Сейсмикалық стансалар желісі 14 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 12:58-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 237 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

Қазақстандағы қабылдау туралы мәлімет жоқ. Бірақ Қырғызстанда Достук, Ақ-Жар, Ат-Башы, Бірдік, Таш-Бұлақ ауылдары мен Нарын қаласында 2 және 2,5 баллдық жерасты дүмпулері сезілді.

2025 жылдың 8 шілдесінде Тараз қаласында және Жамбыл облысының бірқатар аудандарында сезілетін жер сілкінісі болды.

Тэгтер:

Алматы Жер сілкінісі