Қостанай – Әулиекөл автожолында, Новонежинка мен Айсары елді мекендерінің арасында, ВАЗ-2110 жеңіл автокөлігі мен Shacman жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қақтығыстан кейін екі көлік те өртеніп кеткен. Қайғылы оқиға салдарынан жеңіл көлікте болған үш адам: жүргізуші, ересек жолаушылардың бірі және 2023 жылы туған сәби көз жұмды.
Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа жеңіл автокөліктің қарсы қозғалыс жолағына шығып кетуі себеп болуы мүмкін. Аталған факті бойынша алдын ала тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.