Оралда ер адам Жайық өзеніне батып кете жаздады

Бүгін, 11:47 / Алуа Арман
ТЖМ

ҚР ТЖМ әскери қызметшілері Жайық өзенінде суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Орал қаласының шетінде Жайық өзенін патрульдеу барысында 20982 әскери бөлімінің екінші құтқару батальонының әскери қызметшілері — Есет батыр есімі берілген бөлімшенің жауынгерлері Ералы Климов пен Айсұлтан Насыров суға батып бара жатқан адамды байқаған.

Олар жедел әрекет етіп, 1989 жылы туған ер адамды құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Құтқарылған азамат медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

ТЖМ су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Тэгтер:

Орал суға бату Жайық