Қазақстанға 3 ай бойы гипсокартон әкелуге тыйым салынды

Бүгін, 10:44 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Өнеркәсіп және құрылыс министрі 8 шілдедегі «Қазақстан Республикасының аумағына гипсокартон импортын реттеудің кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден көліктің барлық түрлерімен үш ай мерзімге гипсокартондарды (гипс әшекейлері жоқ, тек қағаз немесе картонмен қапталған немесе нығайтылған плиталар, қаңылтырлар, панельдер, тақтайшалар және ұқсас бұйымдар) әкелуге тыйым салынсын», – делінген құжатта.

Бұйрық 2025 жылдың 22 шілдесінде күшіне енеді.

Қазақстан ағаштың жекелеген түрлерін экспорттауға шектеуді ұзартқанын хабарлаған едік.

Тэгтер:

Қазақстан Тыйым гипсокартон