Атырауда тұрғын үйге найзағай түсіп, өртеніп кетті

Бүгін, 09:57 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Жексенбі, 13 шілде күні Атырауда екі қабатты жеке үйдің шатырына найзағай түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Салдарынан өрт шығып, жалын тез арада келген өрт сөндірушілердің күшімен оқшауланды. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына найзағайдың түсуі себеп болған.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы нақтылануда.

Тэгтер:

Найзағай өрт Тұрғын үй