Астанада тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты

14 шілде, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ТЖМ

Оқыс оқиға Астана қаласы Керей Жәнібек хандар көшесінде болды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

— Керей Жәнібек хандар көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде алтыншы қабаттағы пәтердің балконы жанды. Құтқарушылардың күшімен 6 ш. м. аумақты шарпыған өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз! — делінген ведомство хабарламасында.

ТЖМ мәліметінше, өрттің себебі анықталып жатыр.