Едіге Қасымбек 18 жасында еркін күрестен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
125 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі спортшы Едіге Қасымбек ел қоржынына алтын жүлде салды.
Финалда қазақстандық балуан моңғолиялық спортшы Нагантулга Дармаабазармен кездесіп, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Едіге U20 санатында Азия чемпионы атанды.