Іле Алатуына шыққан жасөспірім құтқарылды

13 шілде, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Өткен түнде Іле Алатауында бір топ туристпен бірге Букреев шыңына шыққан жасөспірімнің бірі құтқарылды. Ол өзін жайсыз сезінген, деп жазады turkystan.kz. 

Бұл туралы ТЖМ-ның Telegram-арнасы хабарлайды.

"Түнде Букреев шыңына (3010 м) шыққан туристер тобының ішінде үш бала болғаны және солардың бірі өзін жайсыз сезініп, жедел эвакуация қажет екені туралы ақпарат түсті.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шұғыл түрде жолға шықты. Қиын әрі қолжетімсіз Бутаков шатқалы арқылы өтіп, құтқарушылар жаяу жүріп, алдын ала берілген координаттар бойынша жоғары көтерілді.

Туристер маршрут бойынан табылды. Бала ұйықтап жатқан, жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Құтқарушылар оны топтағы ересек адамның ілесуімен төмен түсіре бастады.