Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 09:15 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Бүгін, 13 шілдеде еліміздің бірнеше қаласында атмосфералық ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеожағдайлар қалыптасуы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қолайсыз метеожағдайлар Орал, Атырау, Ақтөбе, Алматы және түнде Астана қалаларында тіркелуі мүмкін.

Мамандардың түсіндіруінше, қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауада зиянды заттардың шоғырлануына әсер ететін табиғи факторлардың (әлсіз жел, тұман, температуралық инверсия және т.б.) үйлесімі. Мұндай жағдайларда ауаның сапасы төмендеп, тұрғындардың денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін.

Синоптиктер желдің күші, жауын-шашын, температура мен ылғалдылық сияқты метеорологиялық факторлар ластану деңгейінің қалыптасуына тікелей ықпал ететінін атап өтті.