Астанада Амман көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Бүгін, 00:40 / Нұрлан Әлинұр
Gov.kz

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Амман көшесінің Ж.Ташенов көшесінен Шарль де Голь көшесіне дейін жол төсемінің үстіңгі қабатын салу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты, 12-16 шілде аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады, - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады