Қостанайда далада адасып кеткен әйел табылды

Бүгін, 12:57 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Қостанай облысының Федоров ауданына қарасты Банновка мен Цабелевка ауылдарының арасында 1971 жылы туған әйел белгісіз бағытқа кетіп, далада адасып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға өткен түні болған. Абырой болғанда, әйелдің жанында ұялы телефоны болған. Бұл құтқарушылардың жұмысын едәуір жеңілдетіп, байланыс арқылы оның нақты орнын анықтауға және құтқару тобын тез арада жіберуге мүмкіндік берді.

Құтқарушылар әйелді дер кезінде тауып, эвакуациялады. Ол медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.