Қарағанды облысында қайғылы жағдай болды

Бүгін, 09:00 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Қарағанды – Астана автожолында жол апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаменті.

Трагедия 11 шілде күні шамамен сағат 14:00-де болған.

"27 жастағы Kia Rio көлігінің жүргізушісі Астана қаласына бара жатып, жылдамдық режимі мен арақашықтықты сақтамаған. Соның салдарынан ол алдында келе жатқан Shanceman автокөлігімен соқтығысқан", - дейді Қарағанды облысының ПД патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Сұңғат Абылқас.

Жол апаты салдарынан Kia Rio автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қарағанды облысы полиция департаменті жүргізушілерді жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, жолда мұқият әрі сақ болуға шақырды.