44 қазақстандық Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының гранттарын иеленді

11 шілде, 2025 / Өтей Торғайұлы

Қытайдың жетекші ЖОО-ларына оқуға қабылданған қазақстандықтардың қорытынды тізімі жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz.

2025-2026 академиялық оқу жылында 44 қазақстандық грант иегері атанды және Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарында оқуға қабылданды. Оның ішінде білім беру саласындағы халықаралық келісім шеңберінде - 35 адам, ал Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының стипендиясы шеңберінде - 9 адам бар.
 
Грант академиялық оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді. Бұған қосымша білім алушы жастарға ай сайын стипендия қарастырылған. Оқу ағылшын немесе қытай тілінде өтеді.

Сонымен қатар Қытай Халық Республикасы үміткерлерге стипендия тағайындау туралы соңғы шешімді қабылдайды.

Тэгтер:

Қытай Грант