«Басқа да жеке қызметтер» санатына тіркелген «сиқырлы мамандық» иелері 2024 жылы 2,9 миллиард теңгенің қызметін көрсеткен. Бұл — тек ресми деректер ғана, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл сандарды Ұлттық статистика бюросы ұсынды. Бұл көрсеткішке тіркелмей, салық төлемей «көлеңкеде» жұмыс істейтіндердің табысы кірмейді. Ал ондайлар аз емес деп болжануда.
Қазақстандықтардың метафизикаға қызығушылығы күрт өскен. Егер 2022 жылы астрологтар, экстрасенстер мен балгерлердің қызметі небәрі 50 миллион теңгеге бағаланса, екі жылда бұл нарық 5700 пайызға өскен.
2022 жылы магтардың негізгі клиенттері ауыл тұрғындары болса, 2024 жылы табыстың негізгі бөлігі қалаларға тиесілі.
Айта кетейік, көрші Қырғызстанда жуырда кез келген магиялық қызмет түрінің жарнамасына тыйым салу туралы шешім қабылданды.