Ата-аналарға білім саласындағы алаяқтық туралы ескертілді

11 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Елорда тұрғындарын жекеменшік білім беру ұйымдарын таңдауда мұқият болу керектігі ескертілді.

Соңғы уақытта жекеменшік білім беру ұйымдарының – орталықтар, мектептер, колледждер – кейбірі қарапайым жарнама арқылы заңсыз әрекеттерге барып жүр. Осыған байланысты елорда тұрғындарын сақ болу керектігі ескертілді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астаналықтардан білім беру ұйымын таңдауда сақ болу және маңызды жайттарға назар аудару сұралады.

Атап айтқанда, мекеменің ресми тіркелуін және лицензиясының болуын тексеру қажет. Ата-аналардың пікірлері мен ұйымның беделіне мән беріңіз. Шартқа қол қоймас бұрын құжаттармен мұқият танысыңыз. Егер күмән туындаса – келісімнен бас тартқан жөн.

Алаяқтықтың негізгі белгілері:

• көрсетілетін қызметтер бойынша нақты ақпарат пен ресми құжаттардың болмауы;

• заңсыз алдын ала төлем талап етілуі, түбіртектердің берілмеуі;

• уәкілетті органдар берген лицензиялар мен рұқсаттардың болмауы, Ұлттық білім беру деректер базасында (ҰБДБ) тіркелмеуі;

• шарттың болмауы немесе оның түсініксіз мазмұны.

Мұндай жағдайлар болған жағдайда азаматтардан прокуратура, полиция, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Оқу-ағарту министрлігі немесе жергілікті білім басқармасына жүгінген жөн.

Тэгтер:

Алаяқ мектеп жекеменшік