Қарағанды – Астана трассасында жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

11 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
скриншот

11 шілде күні сағат 14:00 шамасында Қарағанды – Астана тас жолында жол апаты болып, екі адам қаза тапты. Оқиғаның видеосы Telegram-дағы dorogi_karagandy арнасында жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 27 жастағы Kia Rio көлігінің жүргізушісі Астана бағытында келе жатып, жылдамдық пен арақашықтықты сақтамай, алда келе жатқан Shanceman көлігіне соғылған.

Апат салдарынан Kia Rio көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде.

Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтап, жолда мұқият және абай болуды ескертеді.

Тэгтер:

Жол апаты трасса Қарағанды – Астана