Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желі қолданушыларының оның түр-әлпетіне қатысты жазбаларына жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Бала көтергелі неге қартайып кеткенсіз. Көп нәрсе уайымдайтын сияқтысыз», «Түріңіз сарғыш тартып тұр. Биллирубин нормада ма?, «Көзіңіздің асты неге көгеріп тұр?», - деп жазды оқырмандар.
«Өзіңді мазалап жүрген ішкі күйіңдегі мәселені өзгеден көру ол – сенікі. Демек оны қабылдап, өзіңнің ішіңе үңілу деген «белгі».
Біреуге бір нәрсе айтқанда, оны өзің де еститініңді, жазғанда өзің оқуға тиіс екеніңді ұмытпа! Ал, мені уайымдап жазған болсаңыз, ендеше айтайын. Бір де бір жазба маған қатысы жоқ!», - деп жазды ол.