Апта соңында доллар бағасы өсті

11 шілде, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары нарығындағы сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 520,93 теңгені құрап, 2,46 теңгеге қымбаттады.

Ұлттық банктің 11 шілдеге бекіткен ресми доллар бағамы – 518,34 теңге.

Валюта айырбастау пункттерінде орта есеппен келесі бағамдар орнаған:

доллар: сатып алу – 521-522 теңге, сату – 523-524 теңге;

еуро: сатып алу – 606-609 теңге, сату – 611-612 теңге;

рубль: сатып алу – 6,6-6,63 теңге, сату – 6,65-6,72 теңге.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге нарық қор