Әулиекөл трассасынжа жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті. Оның екеуі бала, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қостанай облыстық балалар ауруханасының хирургі Игорь Белобржицкийдің айтуынша, олар Әулиекөл ауруханасына жеткізілген, сол жерде кішкентай науқастардың біріне ота жасалған.
«Сол сәтте-ақ облыстық балалар ауруханасынан бригада келді. Екінші науқас — 13 жастағы қыз бала — Облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды. Ол ішек жарылуына байланысты ота жасалды, сонымен қатар екі жамбас сүйегі сынған. Бұл сынықтарға да ота жасалды», — дейді облыстық балалар ауруханасының хирургиялық қызметі секторының жетекшісі Игорь Белобржицкий.
Хирургтің айтуынша, қазіргі уақытта екі бала да емдеу курсынан өтіп, облыстық балалар ауруханасынан шығарылған.
Облыста кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны күрт өсіп жатыр. Егер былтыр жарты жылдың ішінде осындай 34 жағдай тіркелсе, биыл олардың саны 153-ке жетіп, 172 бала жарақат алып, төртеуі қаза тапқан.