"21 қыз – 21 қызыл диплом": ҚазҰУ-да бір топта оқыған студенттердің барлығы оқуды үздікке бітірген

11 шілде, 2025 / Дана Ізтілеуова

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бір топта оқыған студенттердің барлығы қызыл дипломға бітірген.

Филология факультеті екі шет тілі мамандығында білім алған топтастардың түгелі оқуды үздікке бітірген.

"Сүйінші! 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультеті Екі шет тілі мамандығының 401 тобы барлығымыз қызыл дипломмен бітірдік!

21 қыз – 21 диплом!

Төрт жылдық еңбек, көз жасы, күлкі мен достықтың жарқын нәтижесі", – деп жазды Әсемай Әміреханқызы Threads желісінде.

Тэгтер:

студенттер ҚазҰУ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚазҰУ түлектері қызыл диплом бір топ