Жаңалықтар

Дубайға бет алған «Эйр Астана» ұшағынан ақау шығып, Алматыға қайта қонды

ашық дереккөзі

Дубайға бет алған «Эйр Астана» ұшағынан ақау шығып, Алматыға қайта қонды

«Эйр Астананың» Алматы-Дубай бағытындағы рейсі техникалық ақауларға байланысты әуежайға қайта қонды. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.  «Бүгін Алматыдан Дубайға КС895 рейсін жасаған ұшақ техникалық ақаулар салдарынан Алматы әуежайына қайта оралып, 8:33-те қонды. Ұшқыш барлық халықаралық қауіпсіздік тәртібін сақтады. Борт басқа әуе кемесімен алмастырылды», - делінген хабарламада. Рейс сағат 10:15-те ұшады. Еске сала кетейік, 22 наурыз күні аталмыш әуе компаниясының Алматыдан Бішкекке жасаған КС109 рейсі техникалық ақаулар салдарынан Алматы халықаралық әуежайына қайтып келген еді. Компанияның ақпараты бойынша, жолаушылар басқа әуе кемесімен өз саяхаттарын жалғастырды.Сондай-ақ, әуе компаниясының 2017 жылдың 5 наурыз күні Алматы-Орал бағытында ұшқан ұшағынан да ақау шығып, Ақтөбеге қонған еді.